Книга была отложена завтра


Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында өтетін "Тектілік тегеуріні" атты тарихи-деректі романның тұсаукесу рәсімі келесі күнге (яғни 10.06.2016) сағат 10:30-ға қалдырылды. 9 маусым түстен кейін "Жас-Ай" медицина орталығында романның тұсау кесеріне арналған шағын дайындық кеңес өткізілді. Шараға Қазақстан республикасына танымал ақын-жазушылармен қоса, бірқатар мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген әртіcі, жоғары категориялы диктор, «Құрмет» орденінің иегері, доцент Сауық Жақан Мәсіғұтқызы мен ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері әрі қазақ радиосының ардагері Аманжан Еңсебайұлы Романдағы билер кеңесі мен даналық сөздерінен үзінді оқиды. Сондай-ақ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, қазақтың ардақты ақыны Жәркен Бөдеш, қазақтың көрнекті қаламгері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлы, ҰҒА-ның президенті Мұрат Жұрынов сынды халқымыздың бір туар перзенттеріне де сөз тізгіні берілмек.

Шараға қатысам деушілерге есік ашық

Мекен-жай: Алматы қаласы, Құрманғазы-29.  Факс: (7272) 272 79 43; 272 79 83. Тел: 73272) 272 74 11 (105).

 "Жас-Ай" медицина орталығы: 

Тел/факс: 390-19-19

 Регистратура 302-15-40

 факс: 302-15-39

 Моб.: 8 777 232 18 71