Здоровый образ жизни и психическое здоровье


Ал, білікті мамандардан ғана құралып, сапалы қызмет көрсететін «Жас-Ай» медициналық орталығы болса, соңғы кезде халықтың арасында атағы кеңге жайылып, ауру етектеген көп адамның бір келсем деген қасиетті жеріне айналды. Аурулар қалай келмесін? Егер, арбамен келгендер аяғымен қайтып жатса, күңіреніп келгендер күлімдеп шығып жатса. Дәрігерлер келген аурудың қалтасына емес, хал-жағдайына қараса. Кері әсері көп химиялық дәрі емес, еш зияны жоқ шөп дәрілер қолданылса. Міне, осындай сапалы жұмыс келушілердің санын күн санап арттыруда.

«Жас-Ай» орталығына мемлекеттің де «бүйрегі» бұрып тұрады. Өйткені, өкіметтен бір тиын сұрамай, халық үшін қызмет етіп, мемлекеттің мойнындағы жүкті көтерісіп, сонымен қоса, салық төлеп, жүзге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырса, нағыз отаншылдық деген сол емес пе?!.

Бұрынғыдай өкіметтің қаржысына қарап, кеңсесінен айлық үшін шықпай отырған дәрігер емес, еңбегімен елді мойындатып, білімімен биікті бағындырған дәрігер Жасан Зекейұлының мемлекет пен халық алдындағы абыройы асқақ, беделі биік.

 

Ақпарат айдынында айдарынан жел ескен «Жас-ай»

Бұл ғасыр информацияның яғни, ақпараттың уақыты. Қазіргі кезде «танымалдық» деген ұғым бар. Кейде осы ұғым арқылы сапаны анықтап жатамыз. Мысалға, Қазақстанда ең танымал ақын мен жазушы, ең танымал әнші кім екенін білу қиын емес. Ол үшін интернетті бір қарап өтсеңіз болғаны.

Медицналық орталықтың да қаншалықты көп екенін тағы ақпарат арқылы анықтауға болады. Солардың ішіндегі ең танымалы, телеарналар мен радиоларда, газет пен журналдарда, интернет сайттарында есімі ерекше аталатын орталық, ол – «Жас-Ай» медициналық орталығы.

«Жас-Ай» медициналық орталығы туралы немесе оның білікті басшысы Жасан Зекейұлы туралы ақпараттың көптігі сонша, тіпті санап шығу мүмкін болмады. Демек, бұл орталық Қазақстанда ең көп сұранысқа ие деген сөз.

Айтпақшы, «Жас-Ай» туралы тебіреніп, қолына қалам алғандар ортанқол жазарман емес. Олардың арасында кешегі жыр жүйріктері Қадір Мырзәлі, Тұманбай Молдағалиев, бүгінгі жырау Жәркен Бөдешұлы бастаған адуынды ақындардың өлеңдерімен қоса ақын Ескермес Жақсымбетұлының поэмасы, «Қазақ радиосын» басқарып отырған Мақат Садық секілді марқасқа журналистердің, Бейсен Құранбек бастаған телеарнаның адуынды журналистерінің сүбелі сұхбаттары бар. «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Ана тілі», «Алматы ақшамы» секілді ең үздік мемлекеттік басылымдарда Жасан Зекейұлы мен оның орталығы туралы мақалалар жеткілікті.

Бұлардан бөлек, «Жас-Ай» орталығы туралы және академик Жасан Зекейұлы жайында осы күнге дейін бірнеше кітап басылыпты. Анықтап айтар болсақ, «Шығыс-тибет шипагері – Жасан Зекейұлы», «Сөнбес сәуле», «Ізгіліктің ізі бар» атты және Ақын Ескермес Жақсымбетұлы мен публицист жазушы Болат Құрманғажыұлы бірігіп жазған «Жарқырай бермек Жасан әлемі»  атты көлемді кітаптар жарық көрген.

Жақында ғана, көрнекті этнограф жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Алматы облысының және «Жамбыл» ауданының «Құрметті азаматы» Жанат (Жәнатхан) Ахмадидың «Тектілік тегеуріні» аталатын тарихи-деректі романы кітап болып шықты.

            Нақты тарихи деректерге негізделген шығарма оқиға ауқымына қарай бірнеше тарихи кезеңді қамтиды. Еңбекте қазақ халқының көшпенді дәуірі, онан соң Қытай компартия кезеңі және бас кейіпкер Жасан Зекейұлының шығу тегі, әрі оның атамекенінде «Жас-Ай» медицина орталығын құрудағы ерен еңбегі сөз болады.

            Ел басындағы қиыншылық­тар, ауылдастары мен жақын жандардың өмірінде ке­зіккен жайттар, адам мінезі, қилы-қилы оқиғалар, бастысы шындыққа негізделген туынды өз оқырмандарын табатыны анық.

            Осы кітаптар арқылы, Жасан Зекейұлының әдебиет пен мәдениетке деген құрметін, ана тілімізге деген терең сүйіспеншілігін, ұлтына деген шексіз махабатын, кәсібіне деген тазалығын білуге болады. Мұндай қайраткерлік қаисетке, қазіргі дағдарыс пен инфлияцияның кері әсері кедергі келтіре алмайды. Керісінше ағысқа қарсы жүзген, желкені желге төзімді кеме секілді Жасан мырза бағытынан таймайды. Өз сөзімен айтар болсақ, «бағыты түзу адам – бақтты адам».

 

Ардагерлерді ардақтаған асыл азамат

Қазақ халқында «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген қастерлі бір сөз бар. Осы сөзді бойына сіңіріп өскен кез келген адам үлкенге деген құрметінен жаңылмаса керек. Жасан Зекейұлы әкесінен ерте айрылғандықтан ба, әкесіндей адам көрсе, баласындай қызмет етеді. Әкесіне, көрсете алмай қалған жақсылығын үлкен кісілерге көрсетсем деген асыл мұраты бар секілді. Қазыналы қарттармен әңгімелесіп, олардың жүрек түкпіріне үңілуден бас тартып көрмеген.

«Жас-Ай» орталығына келген қарияларға деген құрметі ерекше. Қыметкерлеріне де қатаң талап қойып, үлкендерге ибамен қызмет көрсетуді тәптіштеп үйреткен. Әр жыл сайын қарттар үйіне барып, қаржылай көмек көрсетуі сөзіміздің дәлелі болса керек.

Ай сайын 50-ден астам қарт адамдарға тегін және жеңілдетілген ем көрсетуді тұрақты үрдіске айналдырған. «Нұр Отан» партиясының өтінішімен келген қарттардың денсаулығын тегін тексеріп, ауруынан айықтырып жатады. Олардың саны да аз емес.

Қысқасы, алдынан келген әр адамды анасындай аялап, баласындай бағалап жатады. «Жас-Ай» орталығында ардагерлерге деген үлкен жеңілдік қарастырылған.

«Жас-Ай» орталығының мұндай игілікті жұмыстарын бағалаған «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» 81 кеңес мүшесінің бірі етіп Жасан Зекейұлын сайлады. «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев төс белгімен марапаттады.

 

                                   Басыңнан өтпей білмейсің...

 

 «Жас-Ай» орталығында журналист болғаныма 5 жыл болыпты. Мен келгенде 2 қабаттан тұратын орталық, осы жылдар ішінде қалай өзгерді. Қазір, ішкі дизайны заманауи үлгіде үйлестірілген, озық аппараттармен жабдықталған 5 қабатты, спорт залы мен үлкен асханасы бар, Алматының жоғары жағында Алатаумен бой таластырған үлкен медициналық орталыққа айналды.

Осы күнге дейін «Жас-Ай» медицина орталығына аурудан еңсесі түсіп келіп, 10 күн ішінде дертіне шипа тауып, үміт оты оянған көптеген адамдарды көрдім. Олардың көбісі қазақтар. Арасында өзге ұлт өкілдері мен шетелден арнайы келген емделушілер де бар.

Орталықтағы журналистер кеңсесіне күніне кем дегенде 2-3 адам келді. Әр түрлі дерт меңдеген алуан түрлі адамдар. Талай тағдырға куә болдық. Жүрек лебіздерін тыңдадық. Журналға жаздық. Қырық жылдан бері жабысқан дертінен айыққан атаны, тумысынан алысып келе жатқан ауруынан жазылған жас баланы көрдік. Көлік апатына түсіп мүгедек болған ағалардың аяғынан тұрғанын, ауыр індетке шалдыққан жастардың дертінен айыққанын, балалы бола алмай жүрген отбасылардың сәби сүйгенін көргенде көз жасыңа еріксіз  ерік бересің.

Жақында ғана өзімнің анамды алып келдім. Бізді өсіп-жеткіземіз, оқытамыз деп жүріп, аурухананың не екенін ұмытып, жүре берген анамның денсаулығы соңғы кезде сыр бере бастады. «Жас-Ай» орталығына келіп тексерілгенде қант диабеті екенін және оның мөлшерін қалыптан өте жоғары,  18,9 екенін білгенде шошып кеттік. Қан қысымы да 140-90 болып тұрды. Бас дәрігер, академик Жасан Зекейұлы бірден он күндік емдеу шарасы керек екенін айтты. Ешқайда жүгіріп әуре болмадық. Өйткені «Жас-Ай» орталығы соңғы үлігідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған болатын.

Міне, бүгін «Жас-Ай» орталығының бір бөлмесінде мен кезекті мақаламды жазып отырмын, ал анам тағы бір бөлмеде ем алып жатыр. Емделе бастағанына бесінші күн. Қандағы қант құрамының мөлшері 8,2 ге түсті. Ал, қан қысымы 110-70 болды. Анамның денсаулығы жақсара түсіп, мен ерекше қуанышта отырмын.

Бұл жайтты, «Жас-Ай» туралы мақалама тұздық болсын деген ниетпен жазып отырмын. Мамандығының майталманы, антына адал ақ халатты жандар туралы қалай айтсақ та жарасары хақ.

                                                Ұлттың – ұлы, халықтың – баласы

            Ата-анасының ғана емес, ұлттың ұлы болған Жасан Зекейұлы төртінші мүшелге толып отыр. Мамыражай маусым айында дүниеге келген жайсаң мінезді жанның жақсылығын айтып тауысу немесе бірер беттік мақалаға сиғызып жазу қиынның қиыны. Жан-жағына қыстың күнгі дауыл мен желден қорғаныш, жазғы күнгі аптап ыстықта сая болатын бәйтерек тектес адамға деген ел мен жұрттың құрметі шексіз.

            Қазақстанда Шығыс медицинасының сара жолын салып, 22 жыл ішінде отан алдындағы перзенттік парызын толық өтеп, 40 мыңнан астам науқасты емдеп жазып, 8 мыңнан астам науқасты тегін емдеп, 800-ге жуық жас отбасыларды бедеулік дертінен айықтырып, бала сүю бақытына бөлеген, ДЦП дертіне шалдыққан 600-ге жуық сәбидің 80 пайызынан астамын аяғынан тұрғызған Жасан Зекейұлына қандай құрмет болса да артық емес.

            Бір өзі бір академияның жүгін мойнына алып, толассыз еңбек етіп жатқан толағай тұлғаны төл мерекесімен құттықтаймыз.

 

Қазірет Бердіхан