Дорогой Жасан Зекейұлы!


Құрметті Жасан Зекейұлы!

Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтіңізге байланысты жүрекжарды құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді қабыл алыңыз. 
Ең алдымен Сіз туған атамекеннен жырақта туып-өскенмен, текті елдің азаматына тән рухтылығыңызды халқыңызға мойындата білген алаш азаматысыз! Ұлт денсаулығының сақшысы  ретіндегі атқарған істеріңіздің өзі бір тарих.
 Атап айтар болсақ, осыдан 13 жыл бұрын негізін қаланған «Жас-Ай» орталығы бүгінде еліміздегі ең ірі екі бас қала – Алматы мен Астанада қарқынды, сапалы, заманауи ем көрсетуде. Емнің ерекше түрін елімізге ендірген денсаулық ордасы халықаралық деңгейде рейтингісі өте жоғары медициналық орталық саналады. Бұған дәлел – 2016 жылы «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығы Брюссель қаласындағы Халықаралық Еуропалық медициналық қауымдастығының, ОКСФОРД (Ан¬глия), ЕМА және басқа да ұйымдардың тағайындауымен «Халықаралық үздік клиника» атағын иеленуі.
 Ғалымдық жетілу жолыңызда медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик дәрежесіне көтерілдіңіз. Халыққа көрсеткен шынайы еміңіз Сізді елімізде ғана емес шет елдерге де танымал етті. Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры», Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің, құрамына 193 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық медалінің иегері атанғаныңыз бүкіл халқымыз үшін мақтаныш. 
Ал өз еліміздің құзырлы орындары бекіткен «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы, «Құрмет белгісі» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі Сіздің патриоттық тұлғаңыздың шынайы мойындалғаны деп білеміз. 
Ердің жасына ірілік пен іскерлік, парасат пен пайым, беріктік пен азаматтық сынды сан түрлі қасиеттерді тоғыстырып жетіп отырсыз. Ақыл-парасаттыңыз кемеліне толған бақытты шағыңыз баянды болсын! Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлесіңіздің және денсаулық сақтау саласындағы абыройлы ісіңіздің тек қана ырысы мен берекесін көруіңізге тілектеспіз. 
Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, өміріңізге бақыт, еңбегіңізге мол табыс тілейміз!

Ізгі тілекпен,
«Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының қызметкерлері