«Ориентация на будущее: духовное возрождение» - укрепляет наш национальный дух


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық рухымызды бекемдейді

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – мемлекет құраушы ұлтты негіз еткен мәңгілік ел болудың нақты бағыт-бағдары. Оның негізгі ережелерін түсіндіру, насихаттау жұмыстары бойынша, «Жас-Ай» медициналық орталығында да арнаулы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Алматыда ұжым қоғамдық ұйымдармен бірлескен, жазушылар қоғам қайраткерлерімен 150 адаммен нақтылы кездесу ұйымдастырып, «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жөнінде пікірімізді білдіріп, рухани жаңғырудың жолдарын талқылап жиналыс өткіздік.

   Астана қаласы «Нұр Отан» филиалымен бірге «Жас-Ай» бастауыш ұйымы рухани жаңғыру және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығарылған «Тәуелсіздік тағдыр сыйы» атты кітаптың идеясы жөнінде «Нұр Отан»  активі мүшелеріменен кездесу өтті. Сол кездесуде 6 тезис талқыланды.

   №1 тезис. «Азаттық» деген – асыл сөз.  «Тәуелсіздік» деген – тәтті ұғым.  Бұл – кешегі  ел үшін егеулі найза қолға алып, ұлтарақтай жер үшін ат үстінен түспеген батыр бабалардан қалған жәдігер сөз!

   Тәуелсіз ел атанғаны мызға ширек ғасыр болды. Уақытты ғасырлармен, мыңжылдық­тармен өлшейтін тарих үшін бұл – қас-қағым ғана сәт. Десек те, осы аз ғана мерзім ішінде Қазақстанның мемлекеттілігі қалыптасып, ол тұрақты даму жолына түсті.

   Біріншіден: 1997 жылы 1 қазанда қабылдан­ған «Қазақстан–2030» стратегиялық даму бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асты.

   Екіншіден: 2010 жылғы 1 ақпанда «Қазақстан–2020» жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы да қабылданды.

   Үшіншіден: 2012 жылы 14 желтоқсанда ел дамуының «Қазақстан – 2050»  стратегия­лық бағдарламасы дүниеге келді.

   Төртіншіден: 2014 жылдың 15 қаңтарында «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи негіздері  бекітілді.

   Бесіншіден: 2015 жылғы сәуірдің 6-сында  инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

   Алтыншыдан: 2015 жылғы 6 мамырда Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған бес институционалды реформаны, оны орындаудың «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары жарыққа шықты.

Қадірлі ағайын! Осы аталған  ұлттық идеяларды жүзеге асыру үшін аянбай еңбек ету баршамыздың қастерлі парызымыз болып қала     бермек!

  №2 тезис.

    Менің елім – Қазақстан. Қазір бұл сөзді естіген барлық елдің азаматтары елең ете қалады. Себебі, Қазақ елі  — өзін жер-жаһанға татулық пен берекенің, бейбітшіліктің ордасы ретінде танытты. Ал, мұндай зор мәртебеге ие болу үшін қаншама ата-бабаларымыз жанын аямай, қасық қаны қалғанша күресті.

    «Абылай хан дүниеден озар алдында Бұхар жыраумен қоштасып жатып: – Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл – бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ, екі. Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арманым бойымда кетті», – деген екен. Абылай ханның осы үш арман­ының ар жағында үлкен тұжырым жатыр. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етсем дегенін, ел болашағын тереңнен ойлағанын білдіртеді емес пе? Бабаларымыздың өткен жолдарына зер салып қарап отырсақ, сонау өткен заманда арман болған Тәуелсіз ел, Мәңгілік ел болу, бүгінде  Президентіміздің бастауымен Қазақстан егемендігін алғаннан бергі жиырма бес жылдан астам уақыттың  ішінде орындалып жатқандығына біз – куәміз! Қазақ Елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» дейді Президент Н.Назарбаев. Иә, «Мәңгілік Ел»,- атанудың оңай еместігін түсінеміз. Барлық жақсылықтар мен жақсы үміттердің орындалып, іске асуы үшін талай тердің моншақтап төгілгені анық. Ғаламда өз атыңды мәңгі қалдыру үшін Қазақстан мықты, алпауыт мемлекет болуы тиіс. Бірақ мен кез – келген елмен бәсекеге түсе алатын мықты мемлекет, бабаларымыз арман еткен «Мәңгілік Ел» болатындығымызға сенеміз!

    «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіз­дікке сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.

  №3 тезис.

   Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым. Бүгінде, ұлт көш­басшы­с­ы­ның сарабдал саясатының нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстан алға басып, қарыштап дамып келеді.

    Халық «Қуана білгенге – құт қонады, бағалай білгенге – бақ қонады» дейді. Қазақстан бүгінде, қыдыр дарып, бақ қонған, ырыс жайлаған елге айналды!

    Елбасының Қазақ елінің алдағы жарқын болашағын айқындап берген «Қазақстан-2050» стратегия­лық бас құжаты біздің келешек дамуымыздың бағдаршамы. Онда «Мәңгілік Ел» болу мұраты белгіленіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болып түйінделді. Қазақ елі – әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің легіне қосылды. Ал, біздің алдымызда – озық 30 мемлекеттің бірі болу– міндеті тұр.  Дана бабаларымыз «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады» деген екен. Міне, бүгінде сол ынтымақ пен бірлік, аманат пен сенім, парыз бен парасат сияқты ұлы құндылықтар барша халқымыздың туына айналды.

    «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»,–дейді Президентіміз.

Расында да Тәуелсіздіктің баянды тағдыры – әлем таныған саяси тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тағдыры – бір­тұтас халқымыз­­дың тағдыры. Қазақ жерін құт мекен еткен, татулығы жарасқан көпұлтты қазақстандықтардың тағдыры.

  №4 тезис.

    Әлемдегі 2500-ден аса халық­тың 220-ға жуығының ғана Тәуелсіздігі бар. Сондықтан түсіне білген адамға Тәуелсіздік – алтыннан асыл. Тәуелсіз ел ғана өз мемлекеттілігін нық орнықтырып, ұлттық рухын асқақтата алады.

    Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Бұл дегенің – жақсы өмір сүруге алған құқығың. Жұмыр жерде өлшеулі өмірді бейбіт елде өткізгенге жететін бақыт бар ма екен?! Мемлекетіміздің Тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Өзге елдің табалдырығын аттасақ та: «Біз - Қазақстан деген Тәуелсіз елденбіз!» деп мақтанышпен айтамыз. Тәуелсіздік әрбір адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Сіздің отырған-тұрғаныңыз, жүріс-тұрысыңыз, ішкен асыңыз уайымсыз өтеді.

    Президентіміз:«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азамат­тық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» дейді. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі емес пе?

    Иә, Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс

  №5 тезис.

    Азаппен келген азаттық, тәуекелмен келген тәуелсіздіктің 26 жылдық мерейлі жылы Қазақстандықтар үшін аса құнды, әрі маңызды тарихи оқиғаның бірегейі болып саналады.

  №6 тезис.

    “Мед­ициналық сақтандыру” бойынша  Президент­­і­міз «Салау­ат­ты өмір салты мен адамдар­­дың өз денсау­лығы үшін ынтымақтас­тық, жауапкер­шілік қағидаты денсаулық және халықтың күнделікті тұрмысы мемлекет саясатының ең маңызды мәселесі  болуы тиіс» деп атап көрсеткеніндей, тұрғындардың медициналық сараптамалардан өтуінің маң­ызды­лығы сондай жоғары, ол болашақ ұрпақ­тың  денсаулығына зор септігін тигізеді, Міне, соған қатысты медицина саласының медициналық сақтандыру қызметі енгізіліп отырғаны баршамызға мәлім. «Адам денсаулығы  – ұлт байлығы»  екендігін бір сәтте естен шығармауымыз керек!

    Осының барлығында Елбасымыз айтқандай рухани байлығымызды, тілімізді, байлығымызды, тарихымызды, дінімізді, ұлттық құндылықтардың барлығын нақтылы айқындап жаһандану кезінде халқымыз­дың  мәңгілік қазақ елі болуға қажетті құндылықтар­ының барлығын сөзсіз сақтауға, ұрпақтарға жеткізуге, халықтың санасына жеткізуге әр «Нұр Отан» мүшесі міндетті болуы керек.

     Мақалада көтерілген ең басты тақырыптың бірі Қазақстанның алдағы жылдарда латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бұл ең әуелі ұлағатты, өркениетті шешім. Бұл қазақ ұлтының ұлттық санасын бекемдеп, оның әлем халықтары арасында рухани көкжиегін кеңейтеді, ғасырларға жалғасқан рухани мүгедектігімізден арылтады. Болашақ жастарды шұбар тілділіктен сақтайды. Бұл біздегі білім беру бағытын әлемдік стандарттарға сай бір қалыпқа алып келеді.

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық  рухымызды бекемдеп қана қоймай, бұл біздің осы ұлттық дәстүрімізбенен, дінімізбен, тілімізбенен, рухани байлығымыздың, қуаттылы­ғыменен, өзімізді, ұлтымызды әлемдік жаһандану дәуіріндегі жат пиғылменен теріс ағымдардан өздерінің ішкі ойын іске асырмақшы болған сырт жаулардан ішкі жаулардан қорғануға бірден бір қалқан болады.

    Әлем тәжірибесінде алпауыт алдыңғы қатарға кеткен  мемлекеттердің ұлтын сақтау­дағы бірден бір бұлжытпас қағидасы болып келетіндігі  рас. Осы қалқан болып тұратын ұлттық құндылығымызды сақтау барлық қазақстан­дықтар­дың және келешек ұрпақтардың бұл­жыт­пас міндеті болуы керек. 4 мың жылдық  сақ-ғұн кезінен басталған тарихымыздың мәңгілік қазақ еліне жалғасуын жас ұрпақтың санасына күн сайын құйып отыруымыз керек. Сол жөнінде көптеген рухани ақпаратты санамызға сіңіру қажет.

    Бастысы осы жолда ұлттық құндылықтар­ымызды қайта жаңғыр­туға мүмкіндік аламыз. Атам қазақтан бізге мұраға қалған мол рухани байлық, оның ішінде ана тіл, ата дініміз болашақ жастардың санасына осы ұстаным арқылы мықтап бекісе, ұлт үшін үлкен жеңіс сол. Алайда, ұлттық құндылықтарды дәріптейміз деп, жастарды әлемдік өркениеттің мәнді, нұрлы бағытынан адастырудан аулақ болу керек. Елбасының осы идеясын сәтті жүзеге асыру үшін Кеңес үкіметі кезеңінен бастап, тәуелсіздікке дейін рухани салада асқар белестерді бағындырған алдыңғы буын өкілдерімен қоса, барша ұлттық интеллигенция  жабыла атсалысқаны дұрыс.

     Осыған дейін мемлекеттік деңгейде көп жағдайда экономи­калық, саяси мәселелер жиі алға қойылды. Ұлтжанды азаматтар биліктің ұлттық мүддеге оң көзқарасын армандап келді. Енді бұл арғымақ атқа қамшы салғандай, сөзден іске көшетін, армандар орындалар сәт. Біз әлемнің ең озық дамыған мемлекеттерінде ұлттық мүдде қашанда басты орында тұратынын көріп жүрміз. Көрші қытай елінде мемлекет құрушы хань ұлтының болашағы – мемлекеттің болашағы. Осы үшін әрбір қытай азаматы мейлі әлемнің қай қиырында жүрсе де аянбай тер төгеді. Тілі мен ділінен ажыраған емес. Жапондар да, немістер де, Француздар да осы ұстанымда...

      Бүгінгі таңда ел іргесі бекіп, экономикамыз тұрақтап, бейбіт қоғамда өмір сүріп жатқан біз үшін басты парыз, нақты мақсат – ұлтын сүйіп, оның бай мәдениетін ардақтай білетін жаңа буын қалыптастыру. Бұл үшін әрбір қазақ азаматы отбасылық тәрбиені мықтап қолға алғаны жөн. Сонда ғана біз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлесімізді қоса алатын боламыз.

 

 

Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ,

Медицина ғылымдарының докторы,

профессор, академик, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі,

ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

Вена Халықаралық университетінің «Құрметті

профессоры»,

Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің,

құрамына 193 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының

Халықаралық «Құрмет белгісі» орденінің иегері