ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай өткізілетін «РУХ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты халықаралық ақындар айтысының ережесі
МАҚСАТЫ:
«XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы» бағыттарды басшылыққа алу және «таяу жылдардағы міндеттерді» іске асырудың тетіктерін жырлау.
ТАҚЫРЫПТАРЫ:
- «Ұлттық код»
- «Ұлттық мәдениет»
- «Қазақстандағы 100 жаңа есім»
АЙТЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ:
- Ақындар 12 қыркүйекте келіп, тізімге алынады.
- Айтыс Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында 13 қыркүйек сағат 10:00-де басталады (жеребе тарту рәсімі және ақындардың жұпталуы сахнада өтеді).
- Қатысушы ақынның жол қаражатын жіберуші жақ, ал жатын орыны мен тамағын ұйымдастырушы жақ көтереді (екі күн).
АЙТЫСКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Ақындардың жасына шектеу қойылмайды.
- Айтыстың мақсатын білу, тақырыпты аша алуы.
- Айтыскердің қарсыласы және көрермен алдындағы мәдениеті (сөзге тоқтауы, көрерменмен байланысы, сахна мәдениеті, киім үлгісінің жарасымдылығы және домбырада ойнау шеберлігі ескеріледі).
- Айтысқа еліміздің барлық аймақтарынан және алыс-жақын шетелдерден ақындар қатыса алады.
АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ІІ КЕЗЕҢНЕН ӨТЕДІ:
- І кезең – іріктеу кезеңі (Қазылар алқасы ақындардың айтыстағы сөз саптауына, ойының ұшқырлығына, тапбермеде ұтымды сөз таба алатынына қарай отырып 10 айтыскерді анықтайды).
- ІІ кезең – ақтық кезең (Іріктеуден өткен 10 айтыскер қатысады).
АЙТЫСТЫҢ РЕГЛАМЕНТІ:
- Әрбір жұпқа 20 минутқа дейін уақыт бөлінеді.
- Түскі үзіліс 13:00 – 14:00-ге дейін.
- 14:00-де айтыс жалғасады.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
- Қазылар алқасының құрамына мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді (5 адам).
- Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
- Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.
- Қазылар алқасы белгіленген сыйлықтың барлығын бірдей бермеуіне немесе бір сыйлықты екіге бөліп беруіне құқылы.
- Қазылар алқасы айтыскерлердің өнерін 5 балдық жүйе бойынша бағалайды.
- Қазылар алқасы ақындардың сөз саптауы дұрыс болмаған жағдайда тоқтатуға құқылы.
АЙТЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ:
Ақындардың өнерін қазылар алқасының құрамы бағалап, жүлдегерлерді анықтайды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлде және дипломдар табыс етіледі.
Жүлде қоры:
Бас жүлде – шетел автокөлігі.
І орын (біреу) – 2 000 000 теңге.
ІІ орын (біреу) – 1 000 000 теңге.
ІІІ орын (біреу) – 500 мың теңге.
Ынталандыру сыйлығы (төртеу) әрқайсысы – 200 мың теңге.
«Академик Жасан Зекейұлы атындағы арнайы жүлде».
ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА:
Айтысқа қатысушы ақындардың өтініштері мен құжаттары (өзі туралы анықтама, сапалы түсірілген суреті, жеке куәлігінің көшірмесі) 2017 жылдың 1 қыкүйегіне дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады.
Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 37/1. «Жас-Ай» медициналық орталығы.
Байланыс телефондары: 8/7172/ 42-20-42, +7 775 193 45 99, +7 777 277 85 99.
Электронды пошта: astana.jasai@mail.ru
Қосымша анықтама:
Аты-жөні:
|
Фотосурет орны |
Туған жыл, ай, күні
|
|
Туған жері
|
|
Жұмыс/оқу/ орны
|
|
Байланыс телефоны
|
|
Электронды поштасы
|
|
Қатысқан айтыстарының аудио, видео нұсқасы (мүмкін болса сілтемесі) |
|
|
|
Айтыстағы жетістіктері
|
Қай жылы |