Медицинский центр "Жас-Ай" признан лучшим международным центром клиники


2016 жылы "Жас-Ай" Шығыс-тибет медицина орталығына Халықаралық Европалық медициналық қауымдастығы бірлестігі жанынан ОКСФОРД, ЕМА ұйымдарымен қатар басқа да ұйымдардың қатысуы арқылы "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮЗДІК КЛИНИКА ОРТАЛЫҒЫ" деген баға берілді. Сондай-ақ оның №022 сертификаты мен екі медалі қатысты құжатымен қоса орталықтың директоры Жасан Зекейұлына тапсырылды.

         Сертификат "MEDICAL PRACTICE" медициналық практикалық үлгілер саласындағы сертификациялау орталығына тіркеліп, оған арнаулы нөмер беріліп, базаға кіреді. Сол база бойынша, орталық "әлемдегі үздік медицина орталығы" деп танылды.

         Орталық бұл жетістікке қалай жетті және орталыққа бұл атақ не үшін берілді, оған қойылатын талаптар қандай?

         Бұл аталмыш құжатты беру үшін, әуелі сол орталыққа арнаулы және арнаулы емес қоғамдық ұйымдар түрлі тексерулер жүргізу арқылы 3 жыл бойына оны ұдайы бақылауда ұстайды және оған баға береді.

         Бірінші- халықаралық беделге ие болу үшін, тың әдістер мен амалдардың дамыған методикаларының болуы (диагноз емдеу жағынан);

         Екінші- Бұқаралық ақпарат құралдарында және ғаламтор жүйесінде белсенді түрде бағаланған және оған жиі шығып отыратын орталық болуы;

         Үшінші- Әлеуметтік бағдарламалар өткізіп және жұмыс орындарын ашып, оның өсу қарқынын көрсеткен орталық болуы;

         Төртінші- Халықтың арасында рейтингісі және атағы жоғары орталық болуы;

         Бесінші- Бренд танымалдығы. Корпоротивтік құрамдас үлгілерінің жоғары болуы және ол орталыққа халықтың сенімінің жоғары болуы;

ҚОСЫМША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП:

         Алыс-жақын шет елден де науқсактрды қабылдап, оларға тиісті дейңгейде көмек бере алуы.

         Орталықтың аталмыш талаптарға  сәйкестігін арнайы  комиссия өзінің сараптамаларын жүргізіп барып, оның нәтижелерін шығару арқылы қарайды.

        "Жас-Ай" медицина орталығы бұл талаптардан сүрінбей өткендігі себепті батыс елдерінің оң бағасына ие болып отыр.