«Жас-Ай» Шығыс-Тибет медициналық орталығын құрып, басшылық етіп отырған, мыңдаған адамды емдеп сауықтырған Жасан Зекейұлымен сонау өткен ғасырдың аяғында Қытайдан Қазақстанға келген кезінде танысқанмын. Қазіргі таңда тек Қазақстан емес, әлемнің талай елдерінде белгілі болып отырған ғұлама дәрігер, медицина ғылымының докторы, Шығыс-Тибет емінің майталманы туралы бағдарламаларды үнемі көріп, тыңдап, мақала сұхбаттарды оқып, сырттай хабардар болып жүрдім. Бірақ ем алуға келмеген едім.
Биылғы күзде Жасан Зекейұлымен бір жиында кездесіп қалдым. Ол маған: «Жолмұхан аға, жүдеусіз ғой, былтыр үлкен ұлыңыз қаза болып кеткенін естіп едім, соған мұнайып жүрсіз бе? Қатты қайғыдан адам депрессияға түсіп кетуі мүмкін. Сабыр етіңіз. Тәубеге келіңіз», – деп көңіл білдірді.
Сөз арасында бір данышпанның «Бұл дүние көрген түстей, қалмас ешкім көрге түспей» деген сөздерін айта келіп, «Бәріміз бір Алланың иелігіндеміз ғой. Өзекті жанға бір өлім деген бұл жалған дүниеден ата-бабаларымыз, әке-шешеміз де өткен, өзіміз де өтеміз. Сіз оқыған зиялы адамсыз ғой, сабырға келіңіз. Мүмкіншілігіңіз болса біздің орталыққа келіп, ем алыңыз» - деп ұсыныс білдірді. Орталықтың мекен-жайын, телефонын берді. Содан біраз күннен соң Жасанмен хабарласып, емханаға келіп орналастым. Міне бүгін жеті күн – бір апта болды, емхана емінің шипасы тиіп, өзімді әлдеқайда жақсы сезініп қалдым.
«Жас-Ай» орталығының аты қазір Қазақстанның барлық жерінде белгілі болып отыр. Бұл жерге ем іздеп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді екен. Бұрындары емделіп, қайтадан келіп жатқандар да қаншама. Солардың көпшілігі дерлік «талай жерде емделіп, ауруларына шипа таба алмай, осы жердің емін алғаннан кейін, сауығып кеткендерін» айтып, ағынан жарылады.
Есіркеп деген ақын қариямен сөйлесудің сәті түскен еді. Сол қария бұдан бірнеше жыл бұрын оң жақ аяқ-қолы түгел салданып, аузы қисайып, төсек тартып жатып қалған екен.
Содан балалары біреулерден «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы туралы естіпті. Балалары зембілмен емханаға көтеріп әкелген салданған әкелері бір курс яғни, он күндік емнен соң аяғына тұрып кеткен екен. 2-ші он күндік емді алғаннан кейін құлантаза жазылып, ел қатарына қосылған екен. Қазір қайтадан шығармашылығымен айналысып, кітабын жарыққа шығаруға еңбектеніп жатыр екен.
«Жас-Айдан» толық ем алған үш жарым мың бала сүюді армандаған отбасы ұрпақ сүйіп, бақытқа бөленіп жатыр. Осыдан кейін бұл орталықтың емін шынайы, қызметкерлерін білімді де, білікті демей көр!
Орталық тарапынан үздіксіз 2 ай сайын «Жас-Ай» деген журнал шығып тұрады. Сол журналдың 5 нөмірін алып, оқып шықтым. Сонда әртүрлі ауруларға ем таба алмай осы жерден жазылып кетіп жатқан жандардың шынайы алғыс-тілектерін оқыдым. Оқып, таныса келе, Жасанның өте зерек, зерделі, өзінің кәсібін терең жан-жақты меңгерген азамат екеніне көзім жетті.
«Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы Қазақстанда Шығыс-Тибет тәсілімен ем жасайтын жалғыз дәрігерлік мекеме. Яғни, жан-жақты мемлекеттік тіркеулер мен тексерулерден өткен таза ем ордасы.
«Шәкіртсіз ғалым – тұл» дегендей, Жәкең өз ісін ары қарай, кеңейтіп, алға алып кететін, көптеген, шәкірттерін де даярлап жатыр екен.
Адамгершілігі мол, дарынды, аса мейірімді, азамат қазірдің өзінде 60 мыңға жуық адамды қатерлі науқастарынан айырып, қатарға қосқан. Оның ішінде кем-кетік, жетім-жесір, жағдайлары төмен, адамдарға қол ұшын беріп, тегін емдепті. Мұндай игілікті істі қолында мүмкіндігі бар әрбір емдеуші дәрігер істесе қанша елімізге пайда келтірген болар еді.
Сыныптас, парталас досым – қазақтың атақты ақыны Тұманбай Молдағалиев «Алтын ине салатын алтын адам» деп Жасанға лайықты бағасын беріп, тура тауып айтқан екен. Жасан Зекейұлы өз халқына еңбек етіп жүрген жаны таза, адал, мейірімді, терең білімді ұлтжанды алтын адам екендігіне өзімнің де көзім жетіп отыр. Алтын ине тәндегі дертпен күресіп, нәтижелі ем берсе, «Жас-ай» медициналық журналы ұлттық құндылықтарымыз, дәстүрлі халық емі, салт-санамыз туралы жан-жақты танымдық материалдар жариялау арқылы жанға рухани ем жасауда. Психология ғылымдарының докторы, профессор ретінде «Жан мен тәннің рахаты – «Жас-Айда» деп шүбәсіз айта аламын.
Сөзімнің соңында Жасан Зекейұлының жеке басына, ұжым қызметкерлеріне алғысымды айтып, ақ батамды беремін. Рахмет, Жасан! Өмірің өрісті, еңбегін жемісті болсын!