Мен «Жас-Ай» медициналық орталығына үшінші рет келіп отырмын. Алғаш келгенімде таяққа сүйеніп келгенмін. Екінші курстық емнен соң таяғымды тастап, өз еркіммен жүре бастадым. Мұнда келгелі бері осы емхананың өзіндік емдік жүйесі бойынша алтын ине салынды, арқама банкі қойып, шығыстық нүктелі массаж жасалды. Соның арқасында біртіндеп инсульттан соңғы қол-аяғымның тартылуынан құтылдым. Қазір осы емдермен қатар дәрі шөптерін де ішіп жатырмын.
Бұл менің екінші рет инсульт алуым. Осы жолы үйімде оншақты күн орнымнан өз еркіммен тұра алмай жаттым. Қол-аяғым тартылып, сөз сөйлеуім қиындап кетті. Қан қысымым да түспей, қанша дәрі-дәрмек ішсем де көрнекті нәтижесі болмады. Сөйтіп абыржып не істерімізді білмей қалғанда, бір құдамыз Алматыдағы «Жас-Ай» медицина орталығына келіп ем алуға кеңес берді. Өзі де осы емханадан сауығып қайтыпты.
Орталыққа келгеніме өкінбеймін, мұндағы дәрігерлер мен медбикелердің барлығы адамды жылы жүзбен қарсы алып, сапалы қызмет көрсете біледі екен. Әсіресе, орталық басшысы Жасан Зекейұлына алғысым шексіз.Қолынан келген емнің барлығын жасады. Емі нәтижесіз болған жоқ, орнымнан тұрдым. Өзім де, бала-шағамда қуанышта. Әрқашан осы емхананың басшылары мен өзге де қызметкерлеріне амандық тілеймін. Жанына шипа іздеп келген талай науқастың алғысын алып, дертінен айықтырып жатқандарына куә болып жүрмін. Еңбектеріңіз жансын!