Мен сіздердің орталықтарыңызға осымен екінші рет келдім. Әйелдер іш құрылысы ауруларымен жиі ауырып жүр едім. Таныстарымнан «Жас-Ай» журналын көріп қалдым да, соны оқып, «Жас-Айға» келуге бел будым.
Барлығы да журналда жазылғандай, қалтқысыз шындық екеніне көзім жетті. Сіздерге келгенге дейін ем алып жүрген медициналық мекемелер маған өкпе аурулары бойынша диагноз қойған болатын. Бірақ Жасан Зекейұлы сізде ешқандай өкпе аурулары жоқ, остеохондроз бар деді.
Сөйтіп, осы соңғы диагноз бойынша ем ала бастадым. Қазір жақсымын. Алғаш келген күнге қарағанда денсаулығымда айтарлықтай өзгеріс болғанын сезіп отырмын. Сіздерге айтар алғысым шексіз. Осында келіп жатқан мыңдаған жанның дертіне шипа жасап, алғысына бөленіп жүрсіздер. Әр істеріңізге береке берсін. Жасан Зекейұлына ұзақ өмір тілеймін.