АЛҒЫСҚА ТОЛЫ АҚ ТІЛІЕКТЕР, ҮМІТТЕР

Дертіне – шипа, деніне – саулық іздеген мұқтаж жандардың қазір ағылып баратын жері «Жас-Ай» медицина орталығы екенін жұрттың бәрі біледі. Орталықтың жетекшісі – Жасан Зекейұлы мырза Шығыс-тибет медицинасы бойынша науқастарға ем жасайды. Жасанның, Жасанның жанындағы білікті дәрігерлердің көмегін көріп, ауруынан айыққан адамдар «Жас-Ай» медицина орталығына деген ризашылықтарын баспасөз беттерінде айтып та, жазып та жүр. Төмендегі алғысқа толы хаттардан да көпшіліктің көңіліндегі жүрек толқытар ыстық тілектер мен үкіленген үміттерді көреміз.

КӨПТЕН КҮТКЕН ҮМІТІМІЗ АҚТАЛУДА

«Емшісі табылса, жазылмайтын ауру жоқ» дейді ғой... Жеті жасқа толғалы отырған Эльдар баламның жазылып кетуін күндіз-түні Алладан тілеп жүремін. Елімізде «Жас-Ай» медицина орталығының бар екенін, осында ДЦП дертіндегі балаларды жақсы емдеп жазатындығы туралы мәліметтерді бұрын-соңды ертерек естімегеніме кей-кездері өкінемін. Бәрі де бір Алланың қалауымен шығар, кеш те болса өз емшімізді тауып, шипасын алып жатқанымызға мың да бір шүкір. Осы орталыққа келгенге дейін қаншама есіктің табалдырығын тоздырдық. Тіпті шекара асып, өзге елдердің еміне де жүгіндік. Миллиондап кредиттерге ұрындық. Өзіміздің жергілікті емхананың дәрігерлері «Жазылмайтын ауруды тек қана үйде ұстап, күтім жасайсыздар. Одан басқа амалы жоқ» деген болатын. Мен оған сенбеймін. Өз елімізде осындай орталықтың болғанына, Жасан мырзадай қасиетті емшіге кезіккеніме өз басым қазір қатты қуанамын.  

Тұңғыштары осылай сырқат болғандықтан, ата-әжесі болып жас отбасыға қол ұшын созып, баланы өз қолымызға алып, көмектесейік деп шештік. Қазіргі кездері мүгедек баланы асырау, оны күтіп-баптаудың өзі оңай емес екендігін біз жақсы білеміз. Сондай қиындықтарға шыдай алмайтын кейбір жас отбасылардың ажырасып кететіндерін жиі еститінбіз. Ұлымның шаңырағы шайқалмасы үшін, осы бір баламен шектеліп қалмаса екен дедік. Осыдан кейін дені сап-сау балалары дүниеге келді. Өздері жұмыстарын істеп, бізге қаржылай көмектерін беріп тұрады. Мен коллониялық жындыхананың мейірбикесі болып жұмыс жасасам, атасы заводта жүргізуші болып жұмыс жасайды. Біріміз жұмысқа кеткенде, біріміз баланың жанында қалып, алма-кезек қарайлап, өсіріп жатқан жайымыз бар.  

Кейде біз осы баланың денсаулығына әсер еткен  үш айлығындағы алған АКДС привывкасы болды ма екен деп те күдіктенеміз. Балалар дәрігері мен невропотологтар  рұқсат берген соң, мейірбике балаға привывканы еш күмәнсіз сала салған. Басында сарысуы болатын. Содан кейін аяқ-қолы дірілдеп, тырысты да қалды. Жиырылып, тіпті  ашылмай қалды. Шындықты ашуға біраз кіріскеніммен, еш нәтиже шықпады. Дәрігерлері дәптердегі жазбаны толықтай өзгертіп, қайта жазып қойған екен. Тексере келе, ол жерде АКДС салынбаған деп, басқа жеңіл түрлері көрсетіліпті. Осыдан кейін амалсыздан өз үйімізде балаға күтім жасап жүре бердік. Арасында ем іздеп Қытайдағы Құлжаға қарай жол тарттық. Еміміз өте қымбатқа түсті. Жолымыз бен жатар орнымызға, емімізбен қоса есептегенд екі айымызға бір миллионнан астам қаражат жұмсадық. Біз ол ақшаны кредитке алдық. Ол жерде бүгіліп қалған қолдары біраз ашылды. Сол аяғы аздап қимылға икемделді. Дегенмен, екінші рет қайта баруға қалтамыз көтермеген соң бара алмадық. 2013 жылы Қырғызстандағы Қарабалта қаласында жақсы бір невропотолог маманы бар деп естідік те, сол жаққа бардық. Ол да Қытайда білім алған білімді дәрігер екен. Бірақ ол ине қоймады. Монуальды массаждың өзіне өте көп қаражат жұмсап келдік. Сонымен, анда-мұнда қатынап, жылап-сықтап жүрген кезімізде үйде отырып, телеарнадан Жасан Зекейұлының беріп отырған сұхбатын көріп қалдық. Сол сәтте тікелей эфирдан мекен-жайы мен телефондарын жазып алып, мекемеге телефон шалдық. Содан Алла сәтін салып, жаз айында бірінші рет келіп, емін бастағанбыз.Төртінші курстық еміне келгенде едәуір өзгерістер пайда болғанын байқаймыз. Отыратын болды. Алғаш келген кезде Жасан Зекейұлы тамырынан ұстап көріп: «Ертерек келгендеріңізде, ертерек жүріп кетер еді. Неге мұнша кешіктіңіздер?» -  деп сұрады да, «Балаңыз әлі жазылып кетеді. Шыдам керек», -  деп  үрейімізден сейілтті. Қапшағайға жеткенше жол бойы жылап бардым. Ол кісінің «Жазылады» деген бір ауыз сөзінен жүрегім елжіреп, қаншама жыл осы сөзді естуімді күттім емес пе, көз жасым көл болып аға берді. Кейде Эльдар баламның өзі де көз жасымды байқап қалып, «Неге жылап отырсың?» -  деп  төтесінен сұрақтар қояды. Қайтейін, бар арманым қартайғанда осы баламның жазылып, өз аяғымен жүріп жүргенін көру ғой. Алла разы болсын. Қолының шипасы бар Жасан Зекейұлына айтарым, жасаған жақсылықтарыңыз бір Алладан қайтсын. Балама көбінше ине салған балалар дәрігері Айгүл Оңдасқызына, мейірбике Ботагөз, сіздерге де зор денсаулық тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін. Гүлденіп, көркейе беріңіздер. Адамдарға бақыт сыйлаудан ешқашанда  шаршамаңыздар дегім келеді.

Бақытхан Мәлікқызы, Тоқтар Эльдардың әжесі.

Қапшағай қаласы, Заричьный елді-мекені.  

 БАЛАМЫЗ ДЦП-ДАН ЖАЗЫЛЫП, ТҰСАУЫН ЖАСАН МЫРЗАҒА КЕСТІРДІК

 

 

Үш айдың ішінде үлкен қуанышқа, баға жетпес бақытқа кенелдік. Балам ДЦП дертінен жазылған соң, Жасан Зекейұлы мырзадан өзінің тұсауын кесіп беруін  өтіндік. «Жас-Ай» медицина орталығында ақ дастархан жайып, қазақтың ырымымен ақ жол тілеп, тәй-тәй бастырдық. Баламның шапқылап жүргенін көріп, қуанышымызда шек жоқ. Жалғыз менің ғана емес, бүкіл отбасымызбен сіздерге айтар алғысымыз шексіз. «Жүре алмай қалар ма екен?» деген үрейімізден арылтып, біздерді шын бақытқа кенелтіп отырған «Жас-Ай» медицина орталығына ақ жол тілейміз!

Аслан менің бірінші балам еді. Алғашында еңбектеуі мен қимыл-қозғалысынан оғаштықтар байқалатын. Мен баланың дамуы осылай қалыптасатын шығар деп еш күдіктенбей жүргенмін. Бірақ, жергілікті аурухананың дәрігерлері оң жақты церебральды сал ауруы деген диагноз қойып, ауруханада жатып емдеу керектігін айтты. Басқалай емнің қажет екендігін ішім сезіп, басқа тәсілдерді іздестіре бастадым. Жақсы адамдардан «Жас-Ай» атты медициналық орталықта ДЦП дертіне шалдыққан балаларды жақсы емдейді, тіпті жүріп жатыр» дегенді естіп, орталық жайлы мәліметтерді іздестіріп, осында аттандық. Мұның алдында Алматыдағы невропотолог қарауында болғанбыз. Тіпті, невропотолог Ирина Чулкова дәрігері де таңқалып, «Басқа да бір-екі балаларым бар еді. Мен оларды да «Жас-Ай» клиникасына жіберермін» деп, осы жердің мекен-жайы мен телефондарын сұрап алып қалды.

Жасан Зекейұлы тамырынан ұстап көргенде қалыпқа келетін ДЦП дерті екенін бірден түсінді. Тоғыз айлығында келіп алғашқы емін алғанбыз. Араға он-он бес күннен салып, емнен қалмай келіп тұрдық. Бір жас үш айға келген кезімізде баламыз толықтай жүріп, жүгіріп кетті. МРТ томографиялық тексеруге түсіргенімізде бәрі жақсы деді. Басында аздап сары суы болатын. Судан да із қалмаған. Сене алар емеспіз! Бұл бір ғажайып болды! Алланың құдіреті де бар шығар деп ойлаймын. Бұл орталық әрқашанда Алланың қарауында болып, жамандықтан, бәле-жаладан аман болып жүрсін дегім келеді. Халқына осындай қуаныш пен бақыт сыйлап отырған Жасан Зекейұлына, балалар дәрігері Айгүл Оңдасқызына, баламызға қызмет көрсеткен мейірбике Ботагөзге айтар алғысымыз көп! 

Асқаров Асланның анасы Әбдіғаппарова Аида,

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан.

 

 "Жас-Ай" медицина орталығына еміне шипа тауып, жазылып кеткен жандардың бірі Жаркент ауданы, Әулиеағаш ауылында тұратын  Ұлан Жексенбиевтің шын жүректен шыққан алғыс сезімі кімді болмасын толғандырмай қоймайды.

"Мен, 2007 жылы жол апатына ұшырап, жолдасым Тұрсынай қайтыс болды, -деп жазады ол. - Сол көлік апатына ұшыраған кезде көліктің  ішінде бес айлық қызым да бар еді. Терезеден ұшып кетіп, періште қаққан болуы керек, Құдай сақтап, аман қалды. Мен  төсек тартып, Алматы және Талдықорған қаласындағы ауруханаларда ұзақ  ем алдым.Өкінішке қарай, еш нәтиже шықпады. Салым суға кетіп, Қытайға барып, емделсем деген оймен төлқұжаттарымды дайындап жүргенімде, Алматы қаласындағы "Жас-Ай" Шығыс-тибет медицина орталығында халық денсаулығы үшін атқарылып жатқан игі істерді естіп, осы шипа орнына арнайы келдім. Мұнда Шығыс-тибет  емі бойынша ине қабылдадым. Жасан Зекейұлы жетекшілік ететін медицина орталығының нәтижелі шипасының арқасында бір жарым айдың ішінде денем қимылдап, жан біте бастады.

«Жақсының  жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші, академик Жасан Зекейұлы менің екі емделу курсыма жеңілдік жасады. Ал, қалған бес емделу курсын тегін алдым. Бірінші, Алла-тағала қолдап, екінші Жасан ағаның жасаған емі шипалы болып, мен құлан-таза айығып кеттім. Жақында «Жас-Ай» медициналық орталығына өз аяғыммен келіп, белгілі дәрігер, академикке алғыс сезімімді білдірдім. Иә, менің бұл ұжымға деген алғысым шексіз. Өйткені, ақ халатты абзал жандар маған екінші өмір сыйлады. Еңбектеріңіз жемісті болып, биіктен көріне біліңіздер. Ел алғысына бөленіңіздер! Менің жүректен шыққан шын сөзім осы».  

(Абай.кз сайытынан алынды)