Мен Сүттібаева Нұржамал Қызылорда облысы, Сексеуілді кентінен келіп отырмын. 2010 жылы инсульттан құладым. Барлық сезім мүшелерім қызметін жоғалтып, төсекке таңылдым. Көзім көрмеді.
Жергілікті жердегі ауруханаларда одан кейін, Алматыдағы №1 ауруханада жаттым. Бірақ ауруыма дауа болмады. Елдегі Рақымжан деген інім хабарласып, «ауылда бір жігіт «Жас-Ай» деген Шығыс-Тибет орталығынан тәуір болып келді сонда барып қаралыңдар» дегенді айтты.
2011 жылдың 5 қаңтарында осы орталыққа келдім. Үш күннен кейін басымды көтердім. Жасан тамыр ұстап, аурудың ең соңғы сатысына түскенімді айтты. Жасан Зекейұлы өте білімді, медицина ғылымын жақсы меңгерген, өзі профессор, академик, Сократ орденінің иегері екен.
Үш күндік емнен соң орнымнан тұрдым, көзім ашылды: теледидар көріп, газет-журнал оқи алатын деңгейге жеттім. Жасан баламмен кезіккеніме, оның қолынан, қарамағындағы білікті медицина қызметкерлерінен ем алып жатқаныма Аллаға мың шүкір!