Сіз биыл елге - ырыс, халыққа - береке аманаттайтын жігіт ағасының жасы - 50-ге келдіңіз. Ер азамат үшін 50 жас - дегеніңіз елеулі күш беретін жас. Бұл адамның нағыз еңбек ететін, өзін-өзі көрсететін жақсы. "Елу деген жасыңыз, ол да бір көшкен ел екен"- деп Бұхар жырау жырлағандай, бұл жас - адамның рухани болмысының өсіп-жетілуіндегі "керемет кемел жас" болып табылатын көрінеді. сонымен қатар, халыққа есеп беретін де, қоғамнан бағасын еститін де белгілі бір кезеңдік жас. бұл белеске әркім әрқалай жетеді.
Сіз ердің жасы "50"-ге үлкен абыроймен қадам басып отырсыз. Осыған дейін еткен еңбектеріңіз көктеміңіздің көңілді күндері болса, жадыраған жазыңыз жеңісті, жемісті шақтарымен асқаралы көтеріп отыр.
"Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бір қалан" деп атамыз айтқандай Сіз халық медицинасын өзге халықтар емшілігімен ұштастыра байытып, еліміздің емдеу саласының бір арнасын толтырдыңыз. Ел мерейін көтеруге, қазақ емшілігін танытуға үлгі, өнеге болып, әлем елдері алдында елеулі еңбектеріңізбен көрнекті нәтижелерге жеттіңіз. Ұлт мерейін көтеріп, ұлағаттылық таныттыңыз. Қазақ халқының ғана емес, дүниежүзі медицинасының мақтанышына айналып, көптеген марапаттарға ие болдыңыз!
Қырықты қырқалап елуге еңсерген жасыңыз - алтындай "60"-қа, жеңісті "70"-ке, сеніммен "80"-ге, тоймен "90"-ға жете берсін! Денсаулық сапасының үздік майталманы болып, арымай-талмай еңбек ете беріңіз!
Сізді бүгінгі 50 жас мерейтойыңызбен құттықтай отырып, басыңызға бақ, жаныңызға шаттық, деніңізге саулық, шаңырағыңызға шуақ тілейміз!
Тойыңыз тойға ұлассын!