Астанада классикалық және комплементарлық медицинаға арналған халықаралық конференция басталды. Жиынға әлемнің 18 елінен келген ғалымдар мен медицина саласының мамандары қатысып жатыр. Еуропа медицина қауымдастығы мен халықаралық Сауықтыру практикасы мамандары қауымдастығының өкілдері де бар. Бірнеше күн бойы олар жергілікті ғалымдармен пікір алмасып, шеберлік сыныптарын өткізеді. Сондай-ақ жиында медициналық туризм мәселесі де көтерілмек. Айта кетейік, бұл тақырыпқа арналған конференция ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылды. Жасан Зекейұлы, Жас-Ай медициналық орталығының директоры: - Дамыған мемлекеттерде классикалық, комплементарлық медицинаны бастағанда Шығыс медицинасынан бастайды.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/246739-lemni-18-elinen-kelgen-meditsina-salasyny-mamandary-elordada-sheberlik-synyptaryn-tkizedi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz