Жандарбек МӘЛІБЕКОВ

Халқымыздың біртуар азаматы, елін сүйген, жерін сүйген Жәкеңнің бүгінгі елу жастық мерейтойы құтты болсын! Біз Жасанмен мақтанамыз! Шәкәрім: «Адам деген пенде екен, елу деген демде екен. Еңбек, ғылым, терең ой, Нағыз бақыт сенде екен!» деген екен. Ұлы данышпан айтқандай, Сіз нағыз еңбегіңізбен, ақыл-парасатыңызбен қазақтың мақтанышына айналдыңыз. Елішін былай қойып, Еуропаға барып ондағы мүйізі қарағайдай академиктерге өзіңізді мойындаттыңыз. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтіні ақиқат. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын құнды мақаласының идеясын жұрттан бұрын насихаттаған және өзіңсің. Кеше ғана айтыс өткізіп, ел-жұртты өнерге сусындаттыңыз. Қаншама қаражат жұмсалды. Мұндай игі істерді кей мемлекеттік ұйымдар да өткізе алмайды. Бұл бір жағынан сіздің бойыңыздағы қанның елім, жерім деп соғып тұрғаны болса, екінші жағынан керек жерде батылдық ете алатыныңызды аңғартады. Бүгін міне «Өмір нәрі» сусынын ел алдына алып шығып, жария еттіңіз! Ол адамды жасартатын сусын. Орталығыңызға барғанымда кейбір ақсақалдардың еңсесі көтеріліп, көңілі жайнап, балаша мәз болып шығып жатқанын көргенде менің де жаным жадырап қалатын. Сіз көп науқастарды ауруынан айықтырып қоймай, жасартып та жатырсыз. «Дені сау халықтың – болашағы жарқын» дейді қазақ. Елдің болашағы үшін үлкен жұмыстар тындырып жүре беріңіз!