Құрметті бауырлар, бүгін бір керемет кештің куәсі болып отырмыз. Жасан баурымыз ердің жасы – елуге келіп жатыр. Мен Жасанды көп жылдан бері білемін. Еліміз егемендік алған кезде қуанбаған қазақ жоқ шығар. Шетелде жүріп жақсы жаңалықты ести салып, елге алдыңғылардың қатарында келген осы Жасан Зекейұлы болатын. Алтын инесін ең алғаш маған салды ғой деймін. Ол кезде қиналмаған адам жоқ, ел халқы үшін аса бір ауыр кезең болды. Сондай бір қиын кезде Жасан інім үйге келіп, алтын инесін салып, ем жасаған еді, сол жақсылығы әлі есімнен кетпейді. Адамның аты мен затында көзге көрінбейтін тікелей байланыс болатыны шындық. Әкесі азан шақырып Жасан деп ат қойды, міне, сол Жабір үзік сыр 28 №6 2017 ЖАС-АЙ сан деген есім бүгінгі күні елдің денсаулығы үшін қажымай-талмай жұмыс жасап жатыр. Қашанда санасы дамуды, көкірегі көркеюді көксейтін, аз болса да, көп болса да жақсылығымды елге сіңірейін дейтін текті жігіттердің бірі осы Жасан десем артық айтқандық болмас. Құдай барлық игілікті істі өзінің сүйген құлына ғана береді. Жасанның ниеті түзу, кісі баласына жамандық ойламайды. Соның арқасында осы биікке жатіп отыр. Қасында жүрген адам оның бойында бір қасиеттің барын сезеді. Қаншама адамдар Жасанның шипалы қолынан жазылды. Қаншама адамға тегін ем көрсетіп, қаншама жоқ-жітікке қайырымдылық жасады. Алматы мен Астанадағы екі үлкен орталықтың арасында халықтың денсаулығы деп жүгіріп жүр. Осыған қалай көз жұмамыз? Өз қаражатына «Жас-Ай» медициналық, ғылыми-ақпараттық журналын шығарып, ауырып ем іздегендерге ауырмайтын жолды нұсқап жүрген еңбегінің өзі бір төбе емес пе?! Қай клиника осындай жұмыс атқарып жатыр. Міне соны да дөңгелетіп, алып келеді. Қай қазақ Еуропаның бірнеше мемлекетіне арнайы шақырумен барып, үлкен марапатқа кенелді? «Жүзден жүйірік, мыңнан тұлпар шығады» деп қазақ бекер айтпаған. Сондықтан осындай азаматпен тек мақтануымыз керек. «Оралман» деген дұрыс атау емес. Жасан туыпөскен жер ата-бабасының байырғы мекені. 3 миллион қандасымыз әлі де сонда тұрып жатыр. Тағдырдың жазуымен шекараның арғы жағында қалып қойды. Олар оралған жоқ, өз жерімізден тек шекара сызығын аттап, көшіп келді. Сонда қалай оларды «Оралман» дейміз?! Оның орнына «Бауыр», «Қандас» десек қандай әдемі! Сол тауқыметті басымен көрген азаматтың бірі бүгінде өз халқының денсаулығы үшін еселі еңбек етіп келеді. Азамат деген осындай болса игі! Жасанда жігер де, абырой да, атақ та бар. Қасиетіңе қасиет қосылып, алтын инең сырқаттарға шипасын тигізе берсін!