«Біз үйленген соң шамалы уақыт өткенен кейін жұбайым Ботагөз жыныс ауруымен мазасыздана бастады. Біраздан кейін оған «Оң жақ аналық безінің жылаулығы» деген диагноз қойылды. Осы диагноз бойынша ота да жасалды. Бұл 1999 жыл болатын.Арада 3 жыл өтіп барып, тағы да 2002 жылы жоғарыда аталған диагнозбен әйеліме қайта операция жасалды: сол жақ аналық безі мен түтікшесі алынды. Арада біраз уақыт өткеннен соң сол бұрынғы диагнозымен жан сақтау бөліміне дейін түсті. Осындай әуре- сарсаңда 6 жыл өтіп кете барды.Нәрестелі бола алмадық. Осы отадан кейін жүкті боласың деген соң, тағы бір ота жасатуға келістік. Алайда нәтиже болмады. Осы мықты деген дәрігерге барғанымда маған айтқаны: «Бала көтермек түгілі, әйелің аман қалса, соған шүкір де». Дегенмен Алладан үмітімізді үзген жоқпыз. Елдегі мықты деген медициналық мекемелерді аралап емделе бердік. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы балалы болуды ойлап «ЭКО» Орталығының дәрігерлеріне барғанымызда, ол жерден де балалы болу мүмкін емес,-деп жауап берді. Өстіп теңселіп жүргенде «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы бар дегенді естіп, сонда бардым. Бізді профессор Жасан Зекейұлы қабылдады, тамыр ұстап диагноз қойды. Ол кісі әйеліме «бір емес екі балалы боласың,-деп қуантып тастады. Ол кезде біз Жәкеңе шынайы сенім артпасақ та, дәрігер ретіндегі жылы сөзімен үміттендіргені үшін, көңілімізді көтеріп, біліктілігін танытқаны үшін риза болып қалған едік. Бірақ Жасан біліп айтыпты.Шынымен, әйелім алғашқы бағамнан (курстан) соң өзін жақсы сезіне бастады, ал екінші бағамынан кейін жүкті екені байқалды. Бұл қуанышымызды бұрынғы емдеген дәрігерлер естігенде олар таңырқап, Ботагөзден қалай бала көтергенін сұрапты. Осылайша сөнуге айналған үмітімізді «Жас-Ай» жақты.
Дәстүрлі медицина дәрменсіздік танытқан дертке шығыстың емі икемді болып шықты. Айналасы 2-3 бағамнан соң, Ботагөз тұңғышым Әбдрахманды өмірге әкелді. Кейін Әбдрахманның қарындасы Ханифа туды. Баланың зарын бір кісідей тартқан біз ең әуелі Аллаға, екінші Жасан Зекейұлына алғысымыз шексіз. Алладан ол кісіге денсаулық, бақыт тілейміз.