Соңғы жылдары бір ауырып сол ауруыма ем іздеп Павлодар, Астана-қалаларындағы дәрігерге көрінген болатынмын.Сол кездерде ең алғашқы ауырғаннан маған қойылған диагноз «Аденома простаты». Мұны тек операциямен ғана жоғалтуға болады, былай ем қонбайды деген осындай түйіндер болатұғын. Осыған жол бермейін деп «Жас-Ай» медицина орталығына келіп, осы жерден көмек сұрағанмын. Сол көмектің арқасында міне бүгінгі күнде аденома простаты диагнозы менде қазір жоқ., мүлдем жазылып кттім. Енді тағы да көзімнен ауырып, осы көзімнің қойылған диагнозы «Глаукома». Бұл глаукоманы да емдеу қиын, жолы жоқ деген. Бірақ Астанада қойылған диагнозы дұрыс болмай шығып, ол глаукома болмай, енді тағы да осы «Жас-Ай» медицина орталығына келіп көмек сұрадым. Осы көмектің арқасында қазір мінекей екі бағамын (курсын) өтіп жатырмын. Көзімнің бір жақ шеті ашылды. Енді, өз ойымша, операциясыз да көзім толық көреді деген сенімдемін.
Мен алғашқы рет келгенде, осы ауруымның диагнозын қандай екенін білейін деп, сол Жасанның алдына келгенде алдымен менің қолымның тамырын ұстады.Тамырымды ұстап байқап, барлық ауруымды түгелдей менің алдыма ақтарып салды. Міне осы ауруды емдегеннен бері қарай бүгінде құлан таза жазылып кеттім.
Ал енді Жасанның бұл біліктілігі оған құдайдың берген жаңағы қасиеті, ол енді әр адамның басына бере бермейді. Ал бірақ қазір осы Орталықта Жасан өзінің бойындағы қасиетін жастарға беріп, оларды тәрбиелеуде. Осы жерде істеп жүрген дәрігерлердің көпшілігі оның қасында жүріп, осы ине қою технологиясын әбден меңгеріп, соны бұқара халыққа көрсетіп жатыр.
Енді ой таразылайық... «Аденома простаты ауруын тек операциямен ғана жоғалтуға болады, былай ем қонбайды. Астанада олардың қойған диагнозы глаукома дұрыс болмай шықты. Ол Глаукома болмай, енді тағы да «Жас-Ай» медицина орталығына келіп көмек сұрадым»