Ердің жасы 50-ге толған мерейтойыңыз құтты болсын , Ел ағасы жасына келген сіздің ғибратты ғұмырыңызбен, еңбек жолыңыз – халқына қалтқысыз адал қызмет еткен, өскелең ұрпаққа үлгілі боларлықтай өнегелі жол. Сіз құрған «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығы халықаралық дәрежедегі Еуропалық медицина қауымдастығы мен ОКСФОРД (Англия),ЕМА және басқа да беделді ұйымдардың бірлесуімен «халықаралық үздік клиника» деген құрметті атақты иеленді.
Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға да етене араласып жүрсіз. Өзіңіздің шебер ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен еңбекқорлығыңыздың, кішіпейілділігіңіздің бен адамгершілігіңіздің арқасында қазіргі абырой биігіне көтерілдіңіз. Қарттарды тегін немесе жеңілдетілген бағамен емдеп, ағалардың алғысына ие болдыңыз. Қайырымдылық сізге тән қасиет.
Бүгінде өнегелі өмір сүріп, отбасыңыз бен ағайын - туыс , дос-жаранның ортасында алтын көпірдей қадірлі қалпыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, үлкен жүректі жайсаң азамат ретінде өзіңізді танытып жүрсіз. Ел алдындағы еңбегіңіз ескеріліп, Халықаралық «Құрмет белгісі» және Халықаралық «Сократ» тындағы ордендері мен ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталдыңыз.
Құрметті Жасан Зекейұлы!
Бүгінгі мерейтойыңызға ағалық ақ тілегімізді жолдай отырып, әрқашан мерейіңіз үстем, жүзіңіз жарқын болсын деймін.
Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін.