«Ұлт рухы» жобасын жүзеге асырушыларды Қызылорда қаласының әкімі қабылдады

1 қазан күні дала Парламентінің ордасы Мәртөбеден ұлылардың мекені Ұлытауға жолға шыққан түркістандық делегация бүгін Қызылорда қаласында тарихи-танымдық орындарды аралады. Айта кетейік, Қазақстан мемлекетінің бұрынғы астанасы болған Сыр жерінің тарих бетінен орын алған құнды жәдігерлері көп-ақ. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде киелі жерлерді аралап қана қоймай, оның маңызы мен мәнін халыққа телеарна арқылы үгіт-насихат жүргізу қажет. Сонда ғана ішкі туризм өсіп, шетелдің орнына Туған Елдің өз мүмкіндігін танытпақпыз. Бүгінімізді бағамдай алсақ, болашаққа деген қадамымызды нықтай аламыз. Бұл тұста — Қызылорданың мәні мен маңызы ерек. Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Айғақ» телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш пен халықаралық «Сократ» ордененің иегері, халықаралық «Жас-Ай» клиникасының құрылтайшысы Жасан Зекейұлы туристік нысандардың маңызын аша түсіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі — адам танымы мен рухани жаңғыруда жатқандығын негіздеп отыр. Делегация құрамында халықаралық «Жас-Ай» клиникасының Шымкент филиалының директоры Марат Әбілхайыров бар.

Осы тұста, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Айғақ» телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш пен халықаралық «Сократ» ордененің иегері, халықаралық «Жас-Ай» клиникасының құрылтайшысы Жасан Зекейұлын қабылдаған Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қабылдап, «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» атты төсбелгіні табыстады.

«Айғақ-ақпарат»

Дереккөз: http://aigak.kz/2018/10/02/mrtbeden-ltaua-deyn/