Халықаралық «Жас-Ай» клиникасы мен «Айғақ» телеарнасы «Ұлт рухы» атты бірлескен жобасы аясында Сарыарқаның мысты астанасы Жезқазған қаласына келіп табан тіреді.
Жезқазған қалалық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Халықаралық «Жас-Ай» клиникасының құрылтайшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлымен студент жастар және қала тұрғындары кездесті. Әйгілі дәрігермен бірге мәдениеттанушы Сейтзада Бибатырұлы және «Жас-Ай» клиникасының Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Марат Әбілхайыровтар да жоба мүшелерінің қатарында бар.
Қазақстан Журналистер Академиясының академигі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бүгіні жиынның себепкері болған Жасан Зекейұлын көпшілікке таныстырып, «Айғақ» телеарнасының Халықаралық «Жас-Ай» клиникасы туралы деректі фильмін көрермен назарына ұсынылды.
Мінберде Жасан Зекейұлы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының мән-мағынасын жастарға қарапайым өмірдегі оқиғалармен байланыстыра отырып түсіндірді. Әлемге танылған дәрігер Елбасының «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» және «Ұлттық код» стратегиясы жүзеге асыру жолдарын саралап, болашаққа жастардың нық қадам басуға шақырды. Кешегісі мен бүгінін білген адамның болашаққа деген көзқарасы жарқын болады. Бұл сөзді бүгінгі жиынға келген әрбір жан түсінді десек болады.
Басқосу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Яғни, жиналғандар көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап алды. Көпшілікті қызықтырған тақырып шығыс-тибет медицинасындағы ине салу терапиясы болды. Сұрақтарға дәрігер нақты дәлелдер арқылы тұщымды жауап берді. Осы орайда Жасан Зекейұлы келешек дәрігерлерді ата-бабамыздан келе жатқан халық емі мен қазіргі медицинаны байланыстыра отырып, халықты емдеуге шақырды.
Жасан Зекейұлы Елбасы Жолдауындағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» жобасы туралы өз ойын жеткізді. «Мемлекет, жұмыс беруші, азамат арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін көрсете білді. Мысалы, шет елге барсаңыз ауырған адам ең төмен мәдениетті адам деп атайды. Егер еліңді, жеріңді сүймесең сен мемлекетіңе масыл адамсың. Ал, бұл жол дұрыс бағыт емес екендігі баршамызға аян. Салауатты өмір салтын сақтаған адам — өз елінің патриоты. Сондықтан Елбасы жауапкершілікті әрбір азаматтың мойнына жүктеп отыр» деп, нақты сөздерімен көпшілікке ой салды.
«Айғақ-ақпарат»
Дереккөз: http://aigak.kz/2018/10/03/l-ruh-zhobasn-zhzege-asrush-trkstand-delegatsiya-zhezazan-zhernde/