Марал Созақбаева

Мен – Созақбаева Марал Қызылорда қаласынан келдім. 2011 жылдан бері қызым – Төлепберген Гүлайымды емдетіп келемін. 2016 жылы шілде айында 9 курсқа келгенімде Жасан Зекейұлы «Қызың тәуір болып қалды. Енді тамыз айында бір рет келіп ем алып кет» деді. Осы аралықта қызымды Қызылорда қаласында гармон анализдерін тапсырып, эндокринолог дәрігерге де қаралдық. Ол кісі де қызымның гармондары дұрысталып, өздігінен өсетінін айтып қуантып тастады.

      Қызым – Гүлайым 2003 жылы дүниеге келген. 2009 жылы қызымды 1-ші сыныпқа апардым. Мектепке барсам, менің қызым мүлде кішкентай, басқа балалар кәдімгідей одан ірі. Содан емханаға барып, қызымның өте кішкентай болуының себебін сұрадым. Дәрігерлер тексере келе, қызымның жасы 6-да болғанымен, сүйегі 3 жастағы кезінде қалып, өспей қалған деді.

    Мұны естігенде жаным қатты қиналды, шашым да бір мезетте ағарып кетті. 2010 жылы квота арқылы Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталыына барып, толық тексеруден өткенде, қызымның СТГ гармон жетпегендіктен өздігінен өсе алмайтындығын, ойлау қабілеті дамымай қалған, бұлшық еті қатаймаған, жүрегі 2,5  мм тесік екенін анықтады. Қызымның өздігінен өсе алмайтындығын, қолмен гармон укол салу керектігін айтты.

      Содан кейін 2010 жылы нордитропин гармон екпесін 19 күн салдық. Сол уақытта қызымның көзі ұясынан шығып, жас тоқтамай ағып, көру қабілеті нашарлап кетті. Педиатр дәрігер дереу екпе салуды тоқтатты. «Не істеймін?», «Қайда барамын?» деп жүргенде 2011 жылдың қазан айында бір кісі: «Жас-Ай» клиникасына бар деп кеңес берді. Сол орталықта Қытайдан оралған мықты білімді профессор бар деп жөн сілтеді.

      2011 жылы қазан айында жиналып, осы клиникаға келіп, Жасан Зекейұлының қабылдауында болдық. Бұл кісінің қабылдауында болғанда «бір ауыз жылы сөздің өзі ем» деген сөздің шындығына көзім жетті.

      Ол кісі: «Қызыңды емдеп жазып беремін. Еш уайымдама. Тек сабырлы болыңдар» деді. Сол бір сөз қуат берді, сол бір сөзге сеніп уайым да азайды. Алғашқы курс ем алғаннан бастап, қызым буынға бөліп кітап оқыды, жүрегі ауырғаны тоқтады. Жасан Зекейұлы: «40 күн сайын 3 курс ем алу керек» деп тағайындады.

      3 курсты алып болған соң жүрегін УЗИ-ге түсірдім. Бұрынғы жағдайын оқып білген УЗИ дәрігерлердің өзі таң қалды, жүрегіндегі тесік бітеліпті. Біртіндеп ойлау, түсіну, есте сақтау қабілеті дамыды. Үйде оқитын қызым мектепке қосылды. Гармондары көтерілді, өз қатарының даму көрсеткішіне жетті.

      Мен қызым шығыс-Тибет емін алып болған сайын, гармон анализдерін тапсыртып, Қызылордадағы эндокринолог дәрігерге көрсетіп отырдым. Емге келгенде науқаста біріншіден, сенім болу керек, екіншіден сабырлық болу керектігін анық түсіндім.

      Міне, 5 жылда «Жас-Ай» орталығынан 10 курс ем алдық. 5 жылда қызым осындай өте жақсы дәрежеде сауықты. Емшімізді таппасақ, басқадай да болуы мүмкін еді. Әрине бұл жетістік, қызымның баға жетпес байлығы – денсаулығының өзіне қайтарылуы алдымен Алланың, одан соң Жасан Зекейұлының, оның қасындағы дәрігерлердің, «Жас-Ай» орталығының барлық қызметкерлерінің еңбегі.