Еліміздің келешегі жастар үшін бұл басқарудың маңызы өте зор. Жастармен сұхбаттасу барысын университеттің «Рухани жаңғыру» бөлімінің жетекшісі Арман Кенжебеков жүргізді.
Алғашқы сөз Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбішке берілді. Ол өз сөзінде «Ұлт рухы» жобасының барысында 900 — ге жуық шақырым жолды артқа тастап, арыстан ат терлетіп келуіміздің мақсатын түсіндірді.
Сондай-ақ, халық қалаулысы өз сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының мән-мағынасына тереңірек үңіліп, қарапайым өмір оқиғаларымен байланыстыра отырып баяндады.
Ал профессор Жасан Зекейұлы өткені мен бүгінін білмеген адамдарды өз бағытын білмейтін кеме секілді тасқа соғылатынын, сондықтанда рух пен ар-намысты бірінші орында тұруы шарт екенін ескертті. Ал ақша мен мансап қуған жанның болашағы бұлыңғыр екенін айта отырып, «Мәңгілік Ел» боламыз десек тек ұлтқа қызмет ету керектігін баса айтты.
Шипагер Мемлекет басшысының «100 нақты қадам — Ұлт жоспары» бағдарламасындағы 80 және 82 қадамында айтылған «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» жүйесіне де тоқталып өтті. Яғни, жұмыс беруші жұмысшыларының денсаулығына жауап берсе ғана бастаған істері алға бастынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, дәрігер жастарды салауатты өмір салтына шақырып, дұрыс тамақтану жолдарын да түсіндіріп өтті.
Мұнан соң студенттер өз сұрақтарын қойып, шара соңы сұхбаттасу форматына жалғасты.
Университет қабырғасында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жүрген жастармен білім ордасының алдында фотосессия ұйымдастырылды.
«Айғақ-ақпарат»
Дереккөз: http://aigak.kz/2018/10/05/blkt-drger-zhasan-zekeyl-bayorov-atnda-zhezazan-universitetn-zhastarmen-kezdest/