Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауы 5 қазан күні халыққа жеткізілді.
Мәртөбеден Ұлытауға бағытталған түркістандық делегациясының сапары Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы жолданған күнге тұспа-тұс келді. Осындай тарихи сәтті делегация мүшелері Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, Халықаралық «Жас-Ай» медициналық орталығының басшысы Жасан Зекейұлы, мәдениеттанушы Сейітзада Әсембек, «Жас-Ай» медициналық орталығы Шымкент қалалық филиалының директоры Марат Әбілхайыров және «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы киелі Ұлытау жерінде жергілікті халықпен бірге тыңдады.
Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлытау төрінде Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев сұхбат берген болатын. Ол өз сөзінде «Ұлытау – өте қасиетті жер» деп өз бағасын берген.
Жиылған көпшілік жиын соңында «Елбасы жолдауы — дағдырысты еңсерудің тиімді жолы» деп тарқасты.
«Айғақ-ақпарат»
Жансая Елемесова
Дереккөз: http://aigak.kz/2018/10/05/elbas-zholdaun-trkstandtar-ltauda-tdad/