XXI ғасыр – бұл ғылым мен техниканың екпінді дамып келе жатқан ғасыр, осының салдарынан өміріміздегі қиыншылықтар салмағы қара күшке емес, адам санасы мен жүрегіне түседі.Осы себептен де қай адам болмасын өз денсаулығы үшін күн сайын алаңдайды. Әсіресе қоршаған ортаның ластануы, күнделікті күйкі тіршілік күйбеңі, қала жағдайындағы қарбаластың жүйке жүйесі ауруларының пайда болуына ыңғай танытады, артериялық қысым деңгейін жоғарылатады. Бұрын шалдарды мазалайтын аурулар енді жастарға «кірісіпті», қоғам дамуының осындай кезеңінде әрине дәрігерге мұқтажбыз, бұлардың ішінде білікті, бәсекелік қабілеті бар мамандар қажет-ақ.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлы кәсіби шеберлігімен, жоғары мәдениетімен және мейірімділігімен әріптестері мен пациенттердің назарын өзіне аудара білді. Республикамызда танымал дәрігер Жасан Зекейұлы жұрттың сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленді.
Жасан Зекейұлы негізін қалаған «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығының қатардағы тұрғындарға көрсететін жоғары деңгейдегі медициналық қызметі қолжетімді. «Жас-Ай» орталығы тек жалақысына сеніп жүрген қала тұрғындары және тек шаруашылығындағы қарамал мен төліне иек артып жүрген ауыл адамдары үшін таптырмайтын клиникаға айналды. Бұл енді, келісерсіз, әркімнің пешенеіне бұйыра бермейтін жетістік емес пе.
Дәрігер тек біліммен ғана шектелмесе керек, онда Отанға, елге, халыққа деген сүйіспеншілік болуы керек. Осы тұрғыдан келгенде Жасан Зекейұлы тек белгілі ғалым ғана емес, сонымен бірге нағыз ел патриоты. Ол туралы мемлекеттік басылымдарда талай рет жазылған, телерадио арналарында айтылып та жүр. Халық денсаулық сақтау ісіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан Жасан Зекейұлы қандай да болмасын марапатқа лайықты. Осы тұста- айта кетелік-Елбасының Алғыс хатына ие болды.
Бұдан кейін Жасан Зекейұлы құрамына 193 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Бұл марапатқа Жасан Зекейұлына дейін әлемде 180 адам ғана ие болған. Біз өз тарапымыздан бұл марапаты арқылы Жасан Зекейұлының еңбегінің жоғары бағаланғаны деп қабылдаймыз.
Халықаралық беделі бар 27 карат өлшеміндегі гауһармен көмкерілген жоғары марапат өз иесін тапты. Бұл «Құрмет белгісі» орденін БҰҰ адам құқықтары бойынша Комитет Кеңесшісі генерал-майор Абен Нурманов және аталмыш ұйымның марапаттар бойынша Комитет директоры Гулия Иманқызы Жасан Зекейұлына табыс етті.
Жасан Зекейұлы – әрқашан рухани құндылықтарды қадағалап ұстанып жүретін нағыз интеллигент, ол үшін өзін өзі сыйлау, өзге жұртты сыйлау, оның ішінде нашарларға, қорғансыздарға көрсетілетін көмек-бос сөз емес. Бұл өз шығармашылығымен өмірдің рухани өлшемдерін түгендеп жүрген тұлғалардың бірі.
Сейітзада Бибатырұлы Әсембек,
мәдениеттанушы